Skip to content

ЖАО-НЫҢ 1-ЕМХАНАҒА САПАРЫ: ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҰСЫНЫМДАР

2025 жылғы 13 наурызда ШҚО ДСБ “Өскемен қаласының N 1 емханасы” ШЖҚ КМК-да онкологиялық қызметтің жұмыс істеуін бағалауға бағытталған ЖАО тобының жыл сайынғы мониторингтік сапары өтті.

Мониторинг барысында тексеру кабинеттерінің жұмысына, онкологиялық пациенттердің маршрутталуын сақтауға және консультациялар кезінде мамандандырылған мамандармен өзара жұмысты қоса алғанда, “жасыл дәлізді” іске асыруға, сондай-ақ пациенттерді көзбен шолып қарау сапасына және медицина персоналының онкологиялық сақтық деңгейіне ерекше назар аударылды.

Сапар нәтижелері бойынша барлық медицина қызметкерлерінің онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мәселелеріне назарын арттыру үшін ұсыныстар жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *