27 сәуірден 3 мамырға дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Еуропалық өңірде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.
2025 жылы іс — шара “Барлығына иммундауға қол жеткізу-біздің қолымызда” ұранымен өтеді және балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы вакцинациялаумен қамтуды кеңейтуге бағытталған.
Еуропалық иммундау апталығын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2006 жылдан бері өткізіп келеді және вакцинация арқылы жұқпалы аурулардың алдын алудың маңыздылығына назар аударуға арналған. Іс-шаралар дәстүрлі түрде жыл сайын сәуір айының соңында ұйымдастырылады.
Біздің емханада егу жұмыстары Әуезов даңғылы, 18 және Потанин көшесі, 4 мекенжайларында орналасқан екі егу кабинетінде, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің 15 егу кабинетінде жүзеге асырылады.
Иммундау апталығы шеңберінде емхананың медицина қызметкерлері басқа өңірлерден келген адамдарды, сондай-ақ тіркеусіз тұратын азаматтарды анықтау және есепке қою жөнінде іс-шаралар өткізеді.
Иммундау апталығын өткізу кезеңінде және одан әрі вакцинация мәселелері бойынша жүгіну үшін жедел желі телефоны жұмыс істейді: 208-998.
Құрметті тұрғындар!
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз – вакцинацияны кейінге қалдырмаңыз!