Ақпан айында ШҚО фтизиопульмонологиялық орталығының мамандары МСАК-та туберкулез инфекциясын анықтау, диагностикалау және емдеу мәселелеріне арналган №1 емхананың медицина қызметкерлеріне оқыту семинарын ұйымдастырды, ол аттестациялаумен аяқталды.
Бұл оқытудың негізгі міндеті туберкулезді жедел анықтау және нәтижелі емдеу саласында бастапқы буындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру болды. Семинар барысында туберкулез инфекциясын диагностикалаудың заманауи әдістері, туберкулезге күдікті пациенттерді тексеру тәртібі, сондай-ақ терапияның қолданыстағы режимдері зерделенді.
Оқу аяқталғаннан кейін барлық тыңдаушылар аттестаттаудан өтті, оның нәтижелері ұсынылған материалды игерудің жоғары деңгейін көрсетті.