Құрметті емделушілер!
ҚР ДС министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың қаңтарынан бастап медициналық қабылдаудағы жазбаны рәсімдеу үшін қажетті кешенді медициналық ақпараттық жүйеге (КМАЖ) Face ID технологиясы енгізілетінін хабарлаймыз. 16 жастан асқан емделушілер емханаға барғанын eGov мобильді қосымшасы немесе Kaspi және Halyk Bank қосымшалары арқылы код алу тәсілімен растауы керек (мемлекеттік қызметтер – Сандық құжаттар бөлімінде). Сондай-ақ дәрігердің компьютеріндегі веб-камера арқылы Face ID өтуге болады. 16 жасқа толмаған балаларды қабылдау көрсетілген мобильді қосымшаларда баланың заңды өкілі алған кодты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Кодты алу үшін сізге қажет:
▪️ Egov mobile жүйесіне кіріңіз.
◼️ Сандық құжатқа өтіңіз: Негізгі > Цифрлық құжаттар > Жеке куәлік, ҚР азаматының төлқұжаты, туу туралы куәлік немесе ВОД.
▪️«Қолжетімділікті ашу» таңдап, QR кодының астына қысқа кодты енгізіңіз.
▪️ Қысқа код Kaspi, Halyk Bank, BCC.KZ банктік қосымшаларында да бар.
Код 5 минут бойы жарамды екенін ескеріңіз, содан кейін оны жаңарту керек.
Техникалық қиындықтар туындаса, дәрігер сізге әрекеттер алгоритмін айтып береді. Алғашында қабылдау уақытының ұзаруы мүмкін. Түсіністік танытқаныңызға рахмет!