Skip to content

Қазақстандағы ауруларды басқару бағдарламасы Қазақстандағы ауруларды басқару бағдарламасы кеңінен жүзеге…

Қазақстандағы ауруларды басқару бағдарламасы
Қазақстандағы ауруларды басқару бағдарламасы кеңінен жүзеге асырылып, азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетеді және денсаулық үшін бірлескен жауапкершілікті ынталандырады, деп хабарлады Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту орталығы (бұдан әрі – Ұлттық орталық).
Мысалы, сіздің әкеңіз немесе сүйікті ағайыңыз: оның жасы 55-те, жұмыс істейді, толыққанды өмір сүреді, көптеген достары бар, балалары өсті, жақын арада немерелері дүниеге келеді. Ол жалпы жақсы сезінгенімен, кейде басы ауырып, айналады, көз алдында «мушки» пайда болады, кейде қолының саусақтары ұйып қалады. Мүмкін, ол өзінің қан қысымы немесе қант деңгейі көтеріліп жатқанын сезетін шығар. Оның әрекеттері қандай болуы керек, қайда баруы керек? Қазіргі уақытта созылмалы аурулардың белгілерімен танысуға және осы ұсыныстарды ұстануға болатын көптеген ақпараттық ресурстар бар.
Бірақ нақты білу маңызды!
Медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) бар – бұл созылмалы жұқпалы емес аурулары (СЖЕА) бар пациенттерді қолдауға арналған үйлестірілген іс-шаралар мен коммуникациялар сериясы. Бағдарламаның негізгі міндеттері – ауруларды жедел анықтау, дер кезінде тексеру және бақыланатын басқару. Бұл асқынулардың немесе қосымша аурулардың дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Қарапайым тілмен айтқанда – бұл созылмалы аурулары бар адамдарды емдеу бағдарламасы, ол оларға ұзақ және сапалы өмір сүруге көмектеседі. Әлемдік тәжірибеде ауруларды басқару бағдарламасы 30-дан астам елде созылмалы аурулары бар пациенттер үшін, мысалы, жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, онкологиялық аурулар және қант диабеті бойынша тиімділігін дәлелдеген. Бұдан басқа, бұл алдын алуға болатын салдарлармен байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *