Skip to content

ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ОЛАРДЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ…

ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ОЛАРДЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТЫН АРТЫРУ.

Қазақстанда 24-30 маусым аралығында өткізіліп жатқан Ұлттық репродуктивті денсаулық апталығының тұжырымдамасы аясында бүгін ЩҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖЖҚ КМК – да Шығыс Қазақстан облысы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хаттамалық тапсырмасы бойынша жасөспірімдер мен жастарға арналған ашық есік күні өтті. Жасөспірімдер мен жастардың контрацепция әдістері және ЖЖБИ алдын алу туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, салауатты және ақпараттандырылған қоғамды құру мақсатында осы күні : терапевт, психолог және салауатты өмір салтын ұстанатын мамандар, репродуктивті денсаулық аталмыш сала мамандары қатысуымен жасөспірімдер мен жастарға арналған ашық есік күні өтті. Бұл күні 40-тан астам жастарға отбасын жоспарлау, контрацепция, жүктілік және босану мәселелері бойынша кеңестер беріліп, салауатты өмір салтын ұстану қағидалары туралы мағлұматтар беріліп, тілек білдіргендер АИТВ-инфекциясын анықтау үшін экспресс-тестілеуден өтуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ жасөспірімдер мен жастарға репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы мен түрлі аурулардың алдын алу туралы түсініктерін арттыруға бағытталған тренинг сабақтары ұйымдастырылды. Онда жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ дәрігерлердің тұрақты тексерістен өтуінің маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, Жастар денсаулығы орталығының психологы жасөспірімдермен психикалық денсаулықты сақтау бойынша кеңестер беріп, әңгімелер жүргізді. #ДеніСауҰрпақ #ЗдоровоеПоколение

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *