🔊 Өрт- әрқашан қайғылы оқиға. Өрт жыл сайын көптеген адамдардың өмірін қиып, денсаулыққа ауыр зиян келтіруде.
‼️ӨРТ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖҮРІС-ТҰРЫС ЕРЕЖЕЛЕРІ 🔥
📌Өрттің алғашқы белгісі мен түтін иісі сезілгенде ☎️101 телефоны арқылы өрт сөндіру қызметіне немесе 112 телефоны арқылы құтқару қызметіне хабарласыңыз.
📌Дереу мекемеден шығыңыз – өрт болған кезде жасырыну пайдасыз!
📌Түтін пайда болған кезде, еңкейіп қабырға бойымен қозғалыңыз. Бетіңізді дымқыл шүберекпен жабыңыз!
📌Пәтерден шығу мүмкін болмаса, балконға шығыңыз, есікті артыңыздан жауып, дауыстап көмекке шақырыңыз.
📌Лифтті пайдаланбаңыз.
Егер сіздің киіміңіз жанып кетсе, жүгіруге тырыспаңыз, от одан да қызады. Жанып жатқан киімдеріңізді тез тастауға тырысыңыз, егер бұл мүмкін болмаса, тез жерге құлап, өртті сөндіргенше айналыңыз.
️‼️Жоғарыда айтылған кеңестердің барлығы соңғы шара ретінде берілгенін есте сақтаңыз. Және олар ең бастысы, өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және сақтау қажеттілігін жоймайды.