Skip to content

БАРЛЫҚ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІККЕ ҰМТЫЛЫСТА…

БАРЛЫҚ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІККЕ ҰМТЫЛЫСТА БІРІКТІРЕТІН ШАРА

Медицина қызметкерлері арасындағы жазғы спартакиада өз мәресіне жетті. Бұл қатысушылардың спорттық дағдылары мен біліктіліктерін дамытуға ықпал етіп, бәсекелестік ортада өздерін сынауға мүмкіндік берді. Жазғы Спартакиададағы спорттық іс-шаралар достық жағдайда өтті.

Бұл күндері қатысушылар жоғары спорттық шеберлікпен қатар, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тамаша командалық жұмысты да көрсетті.

8 маусымда іс-шара марапаттау рәсімімен аяқталып, сертификаттар, медальдар мен кубоктар табыс етілді. Бұл барлық қатысушылар үшін жаттығуларды жалғастыруға және салауатты өмір салтын сақтауға үлкен ынталандыру болды.

Біздің Емхана жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді: ерлер арасында армрестлингтен Нұрболат Кәдірбаев ІІ орын, әйелдер арасында сумодан ІІІ орын Кенесова Айгерим, эстафетада ІІІ орын Арғынов Азамат, Хаусылханов Дарын, Рахымжанова Еркежан, Әскербекова Құралай және топтық сәлемдесуден ІІ орын.

«Барлық қатысушыларға ерік-жігері, адал, табанды күресі және жоғары спорттық нәтижелері үшін шын жүректен алғыс айтамын, алдағы уақытта табыстар мен жаңа жарқын жеңістер тілеймін!». – деп емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова алғысын білдіріп, қызметкерлерді құттықтады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *