Skip to content

Өткен сенбіде Өскемен қаласының No1 емханасының барлық филиалдарында ашық есік…

Өткен сенбіде Өскемен қаласының No1 емханасының барлық филиалдарында ашық есік күні өтті, оның аясында медициналық ұйымға тіркелген тұрғындары қауіп факторларын ерте анықтау, жатыр мойны және сүт безі қатерлі ісігі, сонымен қатар колоректальды қатерлі ісік ауруларының ерте алдын алу мақсатында профилактикалық тексеруден өтуге шақырылды.

Шара қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және емханада хабарландырулар жарияланды. Шара барысында 140-тан астам адам тексеріліп, кеңес берілді.

Айта кету керек, бұл шараның мақсаты – ауруларды ерте диагностикалау, себебі ерте диагностика өмірді сақтайды.

Сондай-ақ, әрбір әйел гинеколог пен маммологқа жоспарлы тексеруден өту қажеттілігін түсінуі керек екенін еске салғымыз келеді. Жыл сайынғы қабылдау және дәрігердің қарауы, скринингтік тексерулер – қатерлі ісіктің нағыз алдын алу!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *