ЖАСӨСПІРІМ БАЛАЛАРДЫҢ СКРИНИНГІ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН КӨРСЕТІЛІМДЕРІ
Жасөспірімдердегі профилактикалық тексерулердің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар өсіп келе жатқан ағзаның физиологиялық ерекшеліктерімен де, жасөспірімдік кезеңнің психологиялық екпінімен де байланысты. Бұл туралы емханамыздың дәрігері Иргебаева Шарипжамал Шаймардановна кеңінен айтып берді.
Жасөспірімдерде денсаулықтың келесі өзекті бұзылыстары бар:
▶ антропометриялық бұзылулар;
▶ қан түзілуінің бұзылуы (анемия);
▶ қан қысымын реттеудің бұзылуы (артериялық гипертензия);
▶ ауыз қуысының ауруы;
▶ есту патологиясы;
▶ көру патологиясы;
▶ депрессия; суицидтік ниет;
▶ эндокриндік аурулар ( гипотериоз, семіздік, қант диабеті, 2 типті қант диабеті).
ЖАСӨСПІРІМ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ МАМАНДАРДЫҢ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРЫ ҚАЖЕТ?
Бұл жаста жасөспірімдер жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өтеді, оған келесі мамандардың консультациялары кіреді: педиатр, балалар хирургы, стоматолог, эндокринолог, невропатолог, ортопедиялық травматолог, офтальмолог, оториноларинголог, жасөспірімдер психиатры, қыздарға арналған акушер-гинеколог, ұлдарға арналған балалар урологы-андрологы.
ЖАСӨСПІРІМ КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ ЗЕРТТЕП-ҚАРАУ ӘДІСТЕР ҚАЖЕТ?
Жасөспірімдердегі скринингтік зерттеп-қарау әдістерінің арасында жалпы клиникалық қан мен несеп талдауы қолданылады. Несепті жалпы талдау белгілерді ерте анықтау үшін қажет: глюкозурия, протеинурия, гематурия, лейкоцитурия, бактериурия. Жалпы қан талдауы созылмалы қабыну ауруларын, анемияларды анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін ауруларды анықтауды қамтиды.Сондай ақ келесі тексерулерден өту ұсынылады:
▶ Іш қуысы мен бүйрек ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі
▶ Кеуде қуысының рентгенографиясы
▶ Тыныштықта және жүктемемен электрография
▶ Семіздік скринингі (артық салмақ)
▶ Паразиттерге скрининг
▶ Ауыз қуысының ауруларына скрининг.