Туберкулез дегеніміз не? Туберкулез – өлім-жітім бойынша әлемде бірінші орындардың бірін алатын созылмалы жұқпалы ауру.
Бастапқыда бұл жалпы суық тию, пневмония, кейде тіпті асимптоматикалық түрде болуы мүмкін, сондықтан алдын алу және ерте анықтау ерекше маңызды.
Есте сақтау керек: бұл жасырын инфекция дененің барлық органдары мен жүйелеріне зақым келтіреді.
Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Туберкулезбен күресу жөніндегі жаһандық бағдарламаның бастамасымен Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнін атап өтеді. Туберкулезге қарсы айлық 2023 жылдың 24 ақпанынан 20 наурызына дейін өтті. Емхананың мектеп бөлімі қызметкерлері Өскемен қаласының No 1, 3, 7, 9, 10, 11, 12, 16, 17, 20, 29 , 30, 34, 37, 43 орта мектептерінде «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дәріс, практикалық сабақтар және тренингтер форматында сабақтар өткізді.
Онда жасөспірімдерге туберкулездің алғашқы белгілері, жұқтыру жолдары, сонымен қатар емдеу және алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Санитарлық-спецификалық профилактикалық шараларды сақтау және орындау арқылы сіз өзіңізді және өз отбасыңызды адамзаттың басты жұқпалы жауы – ТУБЕРКУЛОЗДАН қорғай аласыз. #туберкулездіңалдыналу #профилактикатуберкулеза #мектеп #школа #емхана #поликлиника
