Дүниежүзілік есту күніне арналған ашық есік күні өтті
Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қамқорлығымен 3 наурызда Дүниежүзілік есту күні аталып өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамның дыбыстарды қабылдау қабілетін сақтау маңыздылығына қоғамның назарын аудару үшін айтулы күнді белгіледі. Халықаралық құлақ және есту саулығын сақтау күні – бұл сіздің денсаулығыңызға назар аудару, сондай-ақ есту қабілетінің жоғалуымен күресіп жатқан адамдарға көмектесу мүмкіндігі. No1 емхана базасында осы датаға орайластырылған науқастар арасында белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Дәрігерлер есту қабілетінің жоғалуының алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған аудио-логикалық скрининг жүргізді.
«Біздің мақсатымыз – балаларымызға сапалы медициналық қызмет көрсету. Құлақ ауруларының себептері әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, ата-аналар осы қарапайым қағидаларды есте ұстауы керек, оның ішінде лас суды құлақтарына кіргізбеу, қатты, шулы жерлерден аулақ болу керек», – дейді No1 емхана дәрігерлері. Ашық есік күнінің қорытындысы бойынша консультациялар өткізілді:
отоларингологтың консультациясы – 42 адам;
балаларға жүргізілген аудиограмма – 15 бала
Айта кету керек, емхананың бекітілген тұрғындары денсаулық жағдайын бағалау және ықтимал ауруларды ерте анықтау мақсатында профилактикалық медициналық тексерулерден дер кезінде өтудің маңыздылығын түсінеді, бұл скринингтік тексерулер бойынша жазбалардың көбеюімен дәлелденеді.
