Skip to content

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК-да «Спутник V»,…

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК-да «Спутник V», Hayat-Vax SARS-CoV-2 препараттарын алғысы келетін тұрғындарға жалпылама вакцинация жүргізілуде.

Жасы 18-ден асқан ересек адамдар коронавирустық инфекцияға (COVID-19) қарсы профилактикалық вакцина алу үшін емханаға немесе онлайн режимінде вакцинацияға жазылу үшін ашылған жаңа қызмет – электрондық үкімет порталына жүгінуі тиіс.

Вакцинация жүргізер алдында температураны өлшеумен, эпидемиологиялық анамнезді жинаумен, сатурацияны, ЖЖЖ, АҚ өлшеумен, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялаумен, тексерумен және т.б. міндетті тексеру жүргізіледі, пациент хабардар етілген ерікті келісім нысанын толтырады. Дәрігер пациентті вакцинациядан кейінгі ықтимал асқынулар туралы ескертеді және пациентке ақпараттық материалдары бар жадынама береді. Вакцинациялауға келісім бланкісін толтырған және вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация арнайы оқытудан өткен медбикелер жұмыс істейтін егу бөлмелерінде жүргізіледі. Вакцина барлық қажетті стандарттарға сәйкес жасалады. Вакцинациядан кейін 30 минут бойы пациент вакцинадан кейінгі кабинетте медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Содан кейін емхана қызметкерлері вакцина алған пациенттерге қоңырау шалады, денсаулық жағдайы нақтыланады және пациент белгіленген кестеге сәйкес вакцинацияның екінші кезеңіне шақырылады. Вакцинацияның II кезеңін өткізу алдында температураны өлшеумен, эпидемиологиялық анамнезді жинаумен, сатурацияны, ЖЖЖ, АҚ өлшеумен, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйесін аускультациялаумен, жұтқыншақты тексерумен және т.б. маман дәрігердің қайта қарауы жүргізіледі, пациент хабардар етілген ерікті келісім нысанын толтырады. Дәрігер II компонентпен вакцинацияға қарсы көрсетілімдердің болмауын немесе болуын анықтайды.
Вакцинацияның II кезеңінен кейін пациент eGov Mobile-де цифрлық «вакцинация паспортын» ала алады.
Сондай-ақ вакцинация сұрақтары жөніндегі барлық ақпараттарды 8 (7232) 25 02 03; 8 778 280 75 77 телефондары арқылы алуға болады.

Біз барлығын вакцинацияға белсенді қатысуға шақырамыз.

Бұл бәрімізге шектеусіз өмірге оралуға мүмкіндік береді!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *