Skip to content

Өскемен қаласында медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл…

Өскемен қаласында медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл кәсіби мереке елімізде жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі.

Салтанатты жиынға өңірдің медицина саласының өкілдері — дәрігерлер, мейіргерлер, фельдшерлер мен денсаулық сақтау саласының ардагерлері қатысты. Бұл күні олар шын жүректен айтылған алғыстар мен мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Марапатталғандардың қатарында — біздің емхананың бас дәрігері Айман Болатқызы Мырамытова, ол «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат оның көпжылдық кәсіби тәжірибесінің, басқарушылық жетістіктерінің және өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесінің дәлелі болып табылады.

Айман Болатқызын және барлық әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен табысты еңбек тілейміз!
___________________________________________________________________

В Усть-Каменогорске состоялось торжественное мероприятие, приуроченное ко Дню медицинского работника — профессиональному празднику, который ежегодно отмечается в третье воскресенье июня.

Церемония объединила представителей медицинского сообщества региона — врачей, медицинских сестёр, фельдшеров и ветеранов здравоохранения. В этот день они принимали заслуженные поздравления, слова признательности и государственные награды.

В числе награждённых — главный врач нашей поликлиники Айман Болатовна Мырамытова, удостоенная нагрудного знака «Отличник здравоохранения».
Высокая награда стала признанием её многолетнего профессионального опыта, управленческих достижений и значимого вклада в развитие системы здравоохранения региона.

Поздравляем Айман Болатовну и всех коллег с профессиональным праздником. Желаем крепкого здоровья, новых достижений и дальнейших успехов в работе!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *