Skip to content

Скрининг — ауруларды ерте кезеңде анықтаудың бір тәсілі. Біздің мақсатымыз…

Скрининг — ауруларды ерте кезеңде анықтаудың бір тәсілі.
Біздің мақсатымыз — скринингтік тексеруден өтуге тиісті тұрғындарды толық қамту.

Пациенттерді учаскелік мейірбикелер шақырып, дайындық тәртібі туралы толық түсіндіреді. Емханаға келген науқастарды тіркеу бөлімінің қызметкерлері дәрігерге дейінгі кабинетке бағыттайды. Қажет болған жағдайда қолдау қызметінің мамандары пациенттерге ілесіп жүреді.

Дәрігерге дейінгі кабинетте пациенттің деректері тіркеліп, антропометриялық өлшемдер (бой, салмақ, артериалдық қысым) жүргізіледі. Қан айналымы жүйесі ауруларына (БСК) скринингке жататын азаматтардан қант пен холестеринге қан алынады.

Ішектен жасырын қан кетуін анықтауға арналған скринингке жататын адамдарға гемокульт-тест беріледі.

Әйелдер жатыр мойны обырын анықтау мақсатында жағынды тапсыру үшін әйелдерге арналған қарау бөлмесіне жіберіледі. 40 жастан асқан әйелдер сүт безін зерттеу үшін маммографқа жіберіледі.

Скринингтен өтіп, нәтижелер дайын болғаннан кейін, пациенттер нәтижелерімен танысу және қажет болған жағдайда қосымша диагностикалық тексерулерден өту үшін дәрігер қабылдауына шақырылады.

Скринингтік тексеру — халық денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *