ҚАДІРЛІ ЕМДЕЛУШІЛЕР!
Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, соғыс ардагерлері, соның ішінде Ауғанстан соғысына қатысушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар «Жасыл дәліз» қағидаты бойынша кезектен тыс қызмет көрсету құқығына ие:
амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қабылдану;
белгіленген тәртіппен білікті медициналық көмекті кезектен тыс алу.
Осы санаттағы азаматтардың құқықтарына құрметпен қарап, оларға заңмен берілген жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік беруіңізді сұраймыз.

