Skip to content

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі — жанымызда, көмектесуге дайын! Біздегі «Пациенттерге…

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі — жанымызда, көмектесуге дайын!

Біздегі «Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит қызметі» — біздің емханаға келген әрбір адамның медициналық қызметті барынша үнемді, түсінікті және жайлы алуы үшін құрылған бөлімше.

Басты мақсатымыз — сапалы ақпарат беру, сұрақтарды жедел шешу және пациенттердің медициналық қызметке қанағаттануын арттыру.

Қызметіміздің негізгі бағыттары:

📍 Дәрігерге жазылу, тексерулерден өту, анықтама алу мәселелері бойынша кеңес беру;
📍 Емхана ішінде орналасуды ұйымдастыру, бөлімшелердің жұмыс тәртібі туралы ақпарат беру;
📍 Пациенттердің арыз-шағымдарын, ұсыныстары мен алғысын қабылдау және өңдеу;
📍 Қарта­йған және аз қозғалатын пациенттерге, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға кезексіз көмек көрсету.

💬 Кеңес береміз:

ОСМС, ГОБМП мен ОСМС аясында дәрі-дәрмектер алуға байланысты, және басқа да сұрақтар бойынша.

💬 Барлық хабарламаларды біз «мұнда және қазір» қағидаты бойынша жедел шешуге тырысамыз.

📱 Пациенттер үшін емхана ішінде QR-кодтар орналастырылған — WhatsApp арқылы тез жазуға, сұрақ қоюға немесе арыз қалдыруға болады.

Біз әрбір пациенттің емханаға жүгінген сәттен бастап, қажетті көмекті алып шыққанға дейін қамқорлық пен түсіністікпен сезінуіне тырысамыз.

📞 Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне мына жолдармен хабарласа аласыз: • телефон бойынша 8 771 524 43 46 немесе WhatsApp арқылы;
• жеке – қызметтік терезеге (кабинетке) келу арқылы.

✨ Пациенттерге қолдау көрсету қызметі — қажет кезде, мұнда және қазір.

#N°1ҚалалықЕмхана
#ПациенттергеҚолдауҚызметі
#МейірімдіМедицина #ҚолдауЖақын
#Поликлиника1
#СлужбаПоддержкиПациента
#МедицинаСДушой #ЗаботаРядом
#МинистерствоЗдравоохранения #КМФК #ДКСЭК #ДКМФК #ФСМС #НЦРЗ #АкиматВКО #УЗ #здравоохранениеказахстана

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *