Skip to content

Қазақстанда қазіргі таңда шамамен 3,6 миллион адам міндетті әлеуметтік медициналық…

Қазақстанда қазіргі таңда шамамен 3,6 миллион адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатыспаған. Денсаулық сақтау жүйесінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістерге байланысты №1 емханада халықты жаңалықтар туралы дер кезінде хабардар етуге арналған команда құрылды.

Бұл өзгерістер белгілі бір созылмалы ауруларға арналған тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектерді алу тәртібіне, сондай-ақ амбулаториялық қызметтерге қол жеткізуге қатысты. МӘМС пакетіндегі ауруларға қант диабеті, балалар церебральды сал ауруы, ревматизм, жүйелі дәнекер тін аурулары да енгізіледі.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған ауруларға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тек МӘМС шеңберінде жүзеге асырылады, ал тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектерге тек сақтандырылған мәртебесі расталған пациенттер ғана қол жеткізе алады.

Емхана қызметкерлері тіркелген тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оның ішінде сақтандырылған мәртебесін тексеру және жеке консультациялар беріледі.

Жаңартулар Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 14 шілдедегі №206-VIII «МӘМС және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жаңартылған нормаларымен реттеледі.

Сақтандырылған мәртебеңізді келесідей тексеруге болады:

Halyk, Kaspi, eGov мобильді қосымшалары арқылы;

fms.kz порталында;

Telegram-бот «Saqtandyrý» арқылы;

емхана регистратурасында.

2026 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмектерге уақытында және кедергісіз қол жеткізу үшін мәртебеңізді алдын ала тексеруді ұсынамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *