ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК базасында «Прегравидарлық дайындық және отбасын жоспарлау» тақырыбында төрт күндік тренинг өз жұмысын бастады.
Тренинг Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салауатты қалалар» бастамасы аясында Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастығымен (КМПА) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) бірлесіп ұйымдастырылды.
Тренингті тәжірибелі фасилитаторлар жүргізіп, прегравидарлық дайындық бойынша заманауи тәсілдер мен ұсынымдарды ұсынды:
Гребенникова Галина Александровна — антенаталдық күтім және прегравидарлық дайындық бойынша ЮНФПА-ның ұлттық консультанты, КМПА-ның атқарушы директоры, акушер-гинеколог, PhD;
Джаимбетова Асель Пернибаевна — прегравидарлық дайындық бойынша ЮНФПА-ның ұлттық консультанты, жоғары санатты акушер-гинеколог.
ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК атынан тренингке біздің мамандар — отбасын жоспарлау және прегравидарлық дайындық бойынша үйлестіруші, жалпы тәжірибе дәрігері Палымбетов Бексұлтан және Қайратова Дана қатысты.
Тренингтің алғашқы күні барысында қатысушылар прегравидарлық дайындықтың негізгі ұсынымдарымен танысып, кеңес берудің мақсаттары мен кезеңдерін зерделеді, пациенттер және олардың отбасы мүшелерімен тиімді қарым-қатынас дағдыларын пысықтады, шартты түрде сау жұпты тексеру кезінде анамнез жинау, физикалық және зертханалық тексеру мәселелерін талқылады, сондай-ақ фолаттар, темір, йод, D дәрумені және басқа да микронутриенттерді тағайындаудың маңыздылығын қарастырды.
Аталған тренингті өткізу Қазақстан Республикасында 2024–2030 жылдарға арналған ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін дамыту жөніндегі Іс-қимыл жоспарын іске асырудың маңызды кезеңі болып табылады және бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
«Прегравидарлық дайындық — болашақ ұрпақтың денсаулығының негізі. Мұндай тренингтер медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және ПМСК тәжірибесіне заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді», — деп атап өтті бас дәрігер Айман Мырамытова
