АЛҒЫС ОРНЫ! Біздің пациенттерден әр түрлі кері байланыс көздерінен дәрігерлерімізге алғыс сөздері мен жылы пікірлері жиі келеді. Бұл жолы, мәселен, Өскемен қаласының тұрғыны, алғыс білдірген емделушіміз Альфия Хайрулла Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының -1414 кері байланыс арнасын пайдаланды.
«Өскемен қаласының №1 емханасының 20-бөлімшесінің дәрігері Бексұлтан Палымбетовке, медбике Эльмира Мурзашеваға, сондай-ақ акушер-гинеколог Салтанат Қанатқызы Қасымоваға. Әрбір емделушіге деген мейірімді жүрегіңіз, шынайылығыңыз және жауапкершілігіңіз үшін рахмет. Жауаптылығыңыз, бізге көрсеткен көмегіңіз және адамгершілік көзқарасыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз», – деп Альфия Хайрулла пікір бөлімінде өз лебізін қалдырды .
ЖЫЛЫ ТІЛЕКТЕРІҢІЗГЕ РАХМЕТ!
