Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде кімдер тегін дәрілік заттарға үміт арта алады?
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары амбулаториялық деңгейде ТМККК және МӘМС аясында дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқылы, бұл АЛО тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
ТМККК – бұл Қазақстан Республикасы азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын қызметтер. ТМККК құрамына профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық көмектің ең жоғары дәлелденген тиімділігі бар түрлері, сондай-ақ дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету кіреді.
📘 Қазақстан Республикасының Кодексі
2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
📲 Кодекспен танысу үшін карусельдегі QR кодты сканерлеңіз.
МӘМС аясындағы медициналық көмекті келесі тұлғалар алады:
олар үшін Медициналық сақтандыру қорына жарналар және/немесе аударымдар жүргізілген;
сондай-ақ, Қорға жарна төлеуден босатылғандар.
Жеңілдік санатына кіретін тұлғалар:
Балалар;
Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
3 жасқа дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін заңды өкілдердің бірі (5-тармақшада көрсетілгендерді қоспағанда);
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, сондай-ақ 3 жасқа дейінгі баланы (балаларды) күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;
6-1. I топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйе мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғалар (ең төмен қауіпсіздік мекемелерінен басқа);
Тергеу изоляторларындағы, сондай-ақ үйқамаққа алынған жұмыс істемейтін тұлғалар;
Жұмыс істемейтін қандастар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар;
Мүгедектігі бар тұлғалар;