«Дәрігердің кеңесі» айдарында жалпы тәжірибелік дәрігеріміз Арайлым Жанаева аналар мен әкелерден жиі қойылатын «баланы дене қызуы болғанда шомылтуға бола ма?» деген сұраққа қатысты маңызды кеңес береді.
Көбінесе ата-аналар балаларын ауырған кезде шомылдырудан қорқады, өйткені бұл нәрестені одан сайын жайсыздандырады деп ойлайды.
«Біз баланың жағдайын бақылауымыз керек. Егер оның температурасы 37 градустан аспаса, ол өзін жақсы сезінеді, содан кейін себезгі астында немесе ваннада шомылтуға болады. Бастысы ластануды, токсиндерді жуу», – дейді дәрігер.
Бұл ретте Арайлым Радикқызының айтуынша, жуынатын бөлмедегі температура кем дегенде 25-28 градус, ал судың температурасы 37 градустан аспауы керек.
«Салқын немесе ыстық суға жуындырмаңыз. Сондай-ақ, ваннада ұзақ уақыт ұстамаңзһыз. Жуындырғаннан кейін баланы киіндіріп, жылы төсекке жатқызу керек. Су процедураларынан бір сағат бұрын бөлмені алдын ала желдету қажет, өйткені жылы суға шомылғаннан кейін теріден токсиндердің қалдықтары шығады, ал салқын бөлмеде, керісінше, тамырлар тарылады. , соның салдарынан кері әсер алып, аурудың ағымын асқындыруға болады», — деп ескертті дәрігер .
