Skip to content

ДЕНСАУЛЫҚ БІЗДЕ БАР ЕҢ БАҒАЛЫ БАЙЛЫҚ, СОНДЫҚТАН ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН…

ДЕНСАУЛЫҚ БІЗДЕ БАР ЕҢ БАҒАЛЫ БАЙЛЫҚ, СОНДЫҚТАН ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫ ҰМЫТПАУ МАҢЫЗДЫ.

7 маусымда емханада бас және мойын ісіктерінің алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтті. Бұл күні тілек білдірушілер емханада онколог дәрігердің қаралуынан өтіп, кеңес ала алды, аурулардың алдын алу әдістері мен денсаулықты сақтау үшін қажетті ем-шаралар туралы білді. 3 қатерлі ісік алды және 5 басқа ауру анықталды.

Шара тұрақты түрде медициналық тексеруден өтудің және қауіпті ауруларды дер кезінде анықтаудың маңыздылығына қоғам назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.

«Бүгін біз келушілерге қатерлі ісіктің бастапқы кезеңдерінің белгілері, емдеу және алдын алу әдістері туралы айтып бердік, сонымен бірге келушілерге өздерінің өмір салтын қадағалау, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және қауіп-қатерді азайту үшін зиянды әдеттерден аулақ болуға кеңес бердік», – деп бөлісті емхананың онкологы Жұмағалиева Гүлнар.

Халықтың хабардарлығын арттыру үшін мұндай шараларды үнемі өткізіп тұру маңызды, сонда адамдар өздерінің денсаулығын сақтау үшін қандай қадамдар жасау керектігін біледі. Бас және мойын ісіктерін ерте анықтау бұл ауруды сәтті емдеуде үлкен рөл атқарады, сондықтан медициналық тексеруді кейінге қалдырмау маңызды.

Көмек іздеуден қорықпау және аурулармен күресуде әрқашан көмектесуге дайын мамандарға сену маңызды.

«Денсаулық – біздегі ең қымбат байлық, сондықтан оны күту және қауіпті аурулардың алдын алуды ұмытпау керек», – деп атап өтті Гульнара Жумагалиева.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *