Skip to content

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ: БЮДЖЕТТІ ҮНЕМДЕУ 70,5 МЛРД…

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ: БЮДЖЕТТІ ҮНЕМДЕУ 70,5 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі баға белгілеу тетігін реформалау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

«Маркетингтік және көлік шығыстары құннан алынып тасталды, генериктердің шекті бағасы 30%-ға төмендеді. Бағалар ТМККК және МӘМС шеңберінде сатып алынатын 2 900 препаратқа және бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін 4 900 препаратқа қайта қаралды»,
– деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.

Нәтижесінде дәріханаларда бағалар орта есеппен 11%-ға, бірқатар танымал препараттар бойынша – 20%-ға және одан жоғары төмендеді. Бюджеттік үнемдеу 70,5 млрд теңгені құрады және бұл қаражат қосымша дәрі-дәрмектерді сатып алуға бағытталған.

➖➖➖

МИНЗДРАВ СНИЖАЕТ ЦЕНЫ НА ЛЕКАРСТВА: ЭКОНОМИЯ БЮДЖЕТА СОСТАВИЛА 70,5 МЛРД ТЕНГЕ

📌 В соответствии с поручением Главы государства Министерство здравоохранения ведет системную работу по реформированию механизма ценообразования.

«Из стоимости исключены маркетинговые и транспортные расходы, снижена предельная цена на генерики на 30%. Цены пересмотрены на 2 900 препаратов, закупаемых в рамках ГОБМП и ОСМС, и 4 900 – для розничной и оптовой реализации»,
– сообщил сегодня вице-министр здравоохранения Тимур Муратов на заседании Правительства.

В результате в аптеках цены снизились в среднем на 11%, по ряду популярных препаратов – до 20% и выше. Бюджетная экономия составила 70,5 млрд тенге, и эти средства направлены на закуп дополнительных лекарств.

🚀 https://t.me/DenMinPR

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *