“Өскемен қаласының 1-емханасында” 29 наурыз күні колоректальды обырдың (КРО) және жатыр мойны обырының (ЖМО) алдын алуға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты халықты қауіп факторлары, ерте диагностика әдістері және осы онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи әдістері туралы хабардар ету болды.
Емхана дәрігерлері үнемі профилактикалық тексерулер жүргізу және ауру белгілері пайда болған кезде дәрігерге уақтылы бару қажеттілігін атап өтіп, кеңес берді.
Бір күнде жалпы практика дәрігерлері мен онкологтан 94 адам кеңес алды. КРО ерте анықтау скринингі шеңберінде диагностиканың бірінші кезеңін білдіретін 68 гемокульт-тест орындалды. 77 пациент ЖМО анықтау үшін PAP-тест тапсырды, сондай-ақ 19 адам ультрадыбыстық зерттеуден өтті. Мамандар келушілерге КРО және ЖМО алдын-алу және ерте диагностика туралы егжей-тегжейлі айтып берді.