Skip to content

Достар, өскемендіктер! Сіздрермен жағымды жаңалығымызбен бөлісеміз! Өскеменде жаңа емхана —…

Достар, өскемендіктер! Сіздрермен жағымды жаңалығымызбен бөлісеміз! Өскеменде жаңа емхана — отбасылық денсаулық орталығы өз жұмысын бастады. Нысан 30 тамызда — Конституция күні мен қала күніне орай салтанатты түрде ашылған болатын.

Емхана аралас, мұнда ересектер де, балалар да, барлығы 10 мыңнан астам адам қабылданады. Жаңа емхананың ашылуы, әсіресе жақын маңдағы көше тұрғындары үшін көптен күткен оқиға болды.
-Біз үшін бұл өте ыңғайлы. Мен екі кішкентай баланың анасы ретінде айтсам, емхананың жақын жерде орналасқаны өте қолайлы болды. . Ешқайда барудың, автобус күтудің, такси жалдаудың қажеті жоқ, қазір жаяу бара саламыз. Тар мамандар да қабылдайды, екпе кабинеті де жұмыс істейтініне қуаныштымыз,-дейді өскемендік Арай Тұрарқызы.

Жаңа ғимаратта бірнеше функционалды аймақтар бар. Бұл – жалпы практика дәрігерлерінің балалар мен ересектерді қабылдауға арналған кабинеттері, емшара, егу және рентген кабинеттері. Акушерлік-гинекологиялық көмек кабинеті репродуктивтік жүйе ауруларының алдын алу, диагностикалау мақсатында ең заманауи техникалармен жабдықталған.

-Денсаулық сақтау қызметтері сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі -бұл қадамдық қолжетімділік. Бұл емхананың ашылуы оның маңайындағы көшелер мен шағын аудандардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Ал заманауи медициналық техникамен жабдықталуы пациенттерге медициналық тексеруден тиісті деңгейде өтуге мүмкіндік береді, – деді нысанның ашылу салтанатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина.
Қала тұрғындарын жаңа филиалға тіркеу басталды. Емханаға тіркелу науқанын күтпей-ақ, "Өскемен қаласының № 1 емханасы" КМК-ға жүгінуге юолады. Әрі қарай, емхана мамандары учаскелік дәрігерге тіркелуге көмектеседі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *