Skip to content

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНИЗАЦИЯЛАУ АПТАЛЫҒЫ 2024 жылдың 21-27 сәуірі аралығында «Вакциналар: өткен,…

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИММУНИЗАЦИЯЛАУ АПТАЛЫҒЫ

2024 жылдың 21-27 сәуірі аралығында «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақтардың денсаулығын қорғау» ұранымен бүкіл елде, соның ішінде біздің облыста Еуропалық иммунизациялау апталығы аталып өтуде.

Дүниежүзілік иммунизациялау апталығы – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен қолға алынған ауқымды жоба. Жоба көпшіліктің назарын вакцинацияның маңыздылығына аудару үшін жасалған.

Өскемен қаласының No1 емханасының бас медбикесі Анар Мамаева екпе тақырыбының, әсіресе, біздің әлемде болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты өте өзекті екенін атап өтті. Вакцинация – әртүрлі инфекциялармен күресудің ең тиімді және қолжетімді әдісі.

«Дүниеге келген кезден бастап біз қауіпті ауруларға тұрақты иммунитетті қалыптастыруға, ауыр асқынуларды және тіпті өлімді болдырмауға арналған бірқатар міндетті вакцинацияларға ұшыраймыз Ұлттық күнтізбе бойынша инфекциялар және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 9 инфекция).

Осы аптада кез келген адам екпенің маңыздылығы туралы жергілікті дәрігерлерден, педиатрлардан және медбикелерден ақпарат ала алады.

Вакциналар туралы көбірек білгіңіз келсе, egu.kz сайтынан сенімді ақпарат ала аласыз. Барлық сұрақтар бойынша 7701 сенім телефонына хабарласуға болады.

Иммунизациялпу апталығы – бұл сіздің балаңызды және өзіңізді қорғау мүмкіндігі! Иммунизациялау миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *