Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күні аясында 1 және 2 тамызда Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КММ-да өкпе обырын ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күндері өтті.
Бұл шара өз денсаулығына қамқорлық жасағысы келетін және диагностикалық нұсқалар туралы өзекті ақпаратты алғысы келетін азаматтардың назарын аударуға бағытталған.
Екі күн ішінде 30-ға жуық науқас онколог пен терапевттен кеңес алды. Мамандар аурудың қауіп факторлары мен оның алдын алу әдістері туралы ақпарат берді.
Келушілер флюорография және рентгенография сияқты тегін тексерулерден өтуге, сондай-ақ өкпе обырын ерте анықтаудың заманауи әдістері туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Мамандар өмір салты бойынша ұсыныстармен бөлісіп, аурудың даму қаупін айтарлықтай арттыратын темекі шегу сияқты жаман әдеттерден аулақ болуды ескертті.
«Тексерілген науқастардың ішінде өкпенің қатерлі ісігіне күдікпен 2 науқас, ісік алды ауруларымен 9 және басқалары анықталды, 6 науқас қосымша тексеруге жіберілді», – дейді №1 емхананың онколог дәрігері Гульнара Жумагалиева.
Іс-шара тек тексерілу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар алдын алудың маңыздылығы туралы хабардар ету алаңы болды. Пациенттер пайдалы кітапшалар мен жадынамалар алды, сонымен қатар келесі тексерулерге жазылды.
Медицина қызметкерлері мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынастың бұл форматы денсаулық мәдениетін және өз ағзасына деген ұқыпты қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.