Skip to content

«Екпе ал және жүлде ұтып ал!» 11 маусымнан бастап ШҚО…

«Екпе ал және жүлде ұтып ал!»
11 маусымнан бастап ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК-да қала әкімдігінің бастамасымен «Екпе ал және жүлде ұтып ал!». Вакцинаның алғашқы дозасын алған әрбір адам ұтыс ойынына қатысу үшін купон алады. Купон белгіленген арнайы жәшікке салынады. Әр апта сайын купондарды тастағандардың арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізіледі.
Құрметті азаматтар! Әуезов даңғ, 18 және Потанин к, 4 мекен-жайындағы ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК-да жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы Сіз екпе жасата аласыз.
Емханада жұмыс күндері сағат 8:00-ден 16:00-ге дейін екпе кабинеттері жұмыс істейді.
Абай даңғылы 1/1-4 қабат мекенжайы бойынша «Император» СО-да қосымша уақытша вакцинация пункті ұйымдастырылды. Ол сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Алдын ала жазылу талап етілмейді.
Біздің емханаларымыздың егу кабинеттерінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялану үшін сізге: қабылдау кезінде емхананың тіркеу бөліміне немесе кез келген дәрігерге жүгіну қажет. Сондай-ақ, вакцинациялауға Egov порталы арқылы жазылуға немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация мәселелері бойынша емхананың кол-орталығына телефон арқылы қоңырау шалуға болады:
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алуды вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері жоқ 18 жастан асқан азаматтар қойғыза алады.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *