Еуропалық иммундау апталығы аясында біздің емхананың қызметкерлері-эпидемиолог Ахтанова Гульдарай Кенесбековна және онколог Жумагалиева Гульнара Жугинисовна -қала мектептерінде ата-аналарға арналған ақпараттық дәрістер өткізуде.
Кездесулер барысында мамандар жұқпалы аурулардың алдын алуда вакцинацияның маңыздылығы, жатыр мойны обырының алдын алу, сондай-ақ бүкіл қоғамның денсаулығын қорғау үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Ата-аналар өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға және білікті дәрігерлерден құзыретті жауаптар алуға мүмкіндік алуда.
Іс-шаралар халықтың аурулардың алдын алудың заманауи тәсілдері туралы хабардарлығын арттыруға және балалар мен айналасындағылардың денсаулығы үшін жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.
#иммундау #вакцинация #иммунитет #алдын алу # денсаулық # Еуропалықмунизация апталығы #қамқорлықденсаулық