Skip to content

Еуропалық иммундау апталығы аясында ШҚО ДСБ “Өскемен қаласының 1 емханасы” ШЖҚ КМК-да эпидемиолог Ахтанова Гульдарай өткізген “вакцинамен басқарылатын инфекциялар” тақырыбында медициналық персоналға арналған семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты медицина қызметкерлерінің уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығы, жұқпалы аурулардың алдын алудың заманауи әдістері және ДДҰ-ның иммундау саласындағы өзекті ұсынымдары туралы білім деңгейін арттыру болды.

Семинар барысында егу науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелері, халықтың әртүрлі топтарын вакцинациялау ерекшеліктері, сондай-ақ қоғамның иммундау бағдарламаларына деген сенімін арттыру шаралары қаралды.
Ахтанова Гульдарай пациенттер арасында белсенді ағартушылық жұмыстың маңыздылығын және вакцинация күнтізбесін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Біз бірге ұлт денсаулығын қорғауға маңызды үлес қосамыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *