ҚАЗАҚСТАНДА 24 МАУСЫМ МЕН 30 МАУСЫМ АРАСЫНДА РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ.
Осы апталық аясында ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының 1 емханасы» ШЖҚ КММ -да қызметкерлер ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, ашық есік күндерін, тұрғындарды тегін тексеру және кеңес беруді ұйымдастыру және өткізуді жалғастыруда.
Осылайша, бүгін Әуезов даңғылы, 18 мекенжайы бойынша филиалда репродуктивті денсаулық мәселесі бойынша Ашық есік күні өтті.
Шара барысында 30-дан астам келушілер салауатты өмір салтын ұстану ережелері, контрацепция әдістері, салауатты жүктілікті сақтау және тағы басқалар туралы ақпарат ала алды. Қатысушылар сонымен қатар мамандарға сұрақтар қойып, репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша тегін кеңес алуға мүмкіндік алды. Барлығы акушер-гинекологтың тексеруінен өтіп, репродуктивті денсаулығын білуге, отбасын жоспарлау кабинетіне барып, отбасын жоспарлау бойынша кеңес алуға мүмкіндік алды.Мұнда біздің мамандар келушілерге саналы шешім қабылдауға және отбасын жоспарлаудың әртүрлі аспектілерін, соның ішінде ата-ананың жаңа отбасы мүшесінің келуіне физикалық және эмоционалдық дайындығын талқылауға көмектеседі.
Репродуктивті денсаулық бойынша мұндай іс-шараларды ұйымдастыру халықты ағарту және осы тақырыпқа байланысты түрлі мәселелердің алдын алуда маңызды рөл атқарады, сонымен қатар сапалы қызметтерге қол жеткізуге және мамандардан кеңес алуға мүмкіндік береді.
«Осындай іс-шараларға қатысу адамның денсаулығына деген белсенді көзқарасын қалыптастыруға және оны сақтау үшін жауапты шешімдер қабылдауға көмектесетінін атап өткен жөн. Салауатты өмір салтын ұстану ережелері, контрацепция әдістері және салауатты жүктілікті сақтау адамдардың дені сау болуына көмектеседі», – деп бөліседі ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының 1 емханасы» ШЖҚ КММ акушер-гинекологы Касымова Салтанат.
#ДеніСауҰрпақ #здоровоепоколение