🏥 Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды, ол 1 қарашаға дейін жалғасады.
Осы кезеңде әр азамат өз елдімекені шегінде емхананы таңдауға немесе ауыстыруға құқылы. Өтінішті келесі жолдармен беруге болады:
• eGov.kz порталы арқылы (онлайн, 1 жұмыс күні ішінде қаралады);
• таңдалған емханада жеке өтініш беру арқылы.
Маңызды: бұрынғы емханадан шығу автоматты түрде жүзеге асырылады. Егер емхананы ауыстыруды жоспарламасаңыз, қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
Жаңа емхана медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеді (Қормен келісімшарт болған жағдайда).
Ұсыныстар:
• Барлық отбасы мүшелерін бір дәрігерге тіркеу сапалы бақылауды қамтамасыз етеді.
• Үйде медициналық көмек көрсетілу үшін емхананы тұрғылықты жерге жақын (жаяу 15–20 минут) таңдаған жөн.
Бекітуден бас тарту себептері:
• өтініштегі дұрыс емес деректер;
• басқа елдімекенде тұру;
• емханада тіркелгендер санының шектен асуы;
• баланы тіркеуге қажетті құжаттардың болмауы.
Емхананы науқаннан тыс та ауыстыруға болады: жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерткенде немесе бұрынғы емхана жабылған жағдайда.