🩺 «КГП на ПХВ “Өскемен қаласының №1 қалалық емханасы” акушер-гинеколог дәрігері Салтанат Қасымова 2025 жылдың 17–18 қазанында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы акушер-гинекологтар конгресіне қатысты.
Конгресс аясында әйел денсаулығының барлық кезеңдеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды, соның ішінде:
— Қазақстан Республикасындағы акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру;
— пре-гравидарлық дайындық;
— перинатологияның өзекті аспектілері;
— экстрагениталды патология және жүктілік;
— акушерлік тәжірибедегі шұғыл жағдайлар;
— ұрық медицинасы;
— балалар мен жасөспірімдер гинекологиясының мәселелері;
— гинекологиялық эндокринология.
«Конгреске қатысу – әріптестермен тәжірибе алмасуға, әйел денсаулығы саласындағы жаңа тәсілдер мен шешімдерді талқылауға тамаша мүмкіндік. Мұндай кездесулер диагностиканың және емдеудің заманауи, тиімді әдістерін тәжірибеге енгізуге ықпал етеді», — деп атап өтті Салтанат Қасымова.
Біздің мамандардың осындай кәсіби іс-шараларға қатысуының арқасында емхананың тәжірибесіне әйелдер денсаулығын нығайтуға бағытталған заманауи стандарттар мен инновациялық тәсілдер енгізілуде.
#ӨскеменҚаласыЕмхана1 #СалтанатҚасымова #АкушерГинекологтарКонгресі #ӘйелДенсаулығы #КәсібиДаму

