🌙 Құрбан айт — ізгі істер мен мейірімділік мерекесі 🕊️
Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында, мұсылмандар үшін маңызға толы Арафа күнінде біздің емханамыздың қызметкерлері Айман Болатқызының басшылығымен Сәбилер үйінің тәрбиеленушілерімен жүздесіп қайтты.
Ізгі ниетпен, жүрек жылуымен балаларға қуаныш сыйлауды мақсат тұтып, тәттілер мен түрлі дәмді тағамдар апарып, әр балаға көңіл бөліп, күлімсіреп, жылы лебіздерімізді жеткіздік.
Әрбір бала мейірімділік пен қамқорлықты, сүйіспеншілік пен қолдауды сезіне берсін.
Осындай игі бастамалар дәстүрге айналсын!
Бұл мағынаға толы, қасиетті Арафа күнінде баршаңызға тыныштық, амандық, береке тілейміз!