Құрметті біздің пациенттер! ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК-да тиісті контингенттерге қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілуде.
Алты айдан он айға дейінгі балалар және екі жастан төрт жас он бір айлық балалар вакцинациялауға жатады. Вакцинация алдында балалар учаскелік дәрігердің міндетті түрде алдын ала тексеруінен өтеді.
Вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Осы мақсатта емханада келесі құрамдағы егу бригадасы өз жұмысын жүргізеді: педиатр дәрігері, егу медбикесі және тіркеуші.
Егу кабинеті мамандармен, вакциналармен, шприцтермен, егу материалымен, термоконтейнерлермен, хладоэлементтермен, медициналық отходтармен қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерлермен, сонымен қатар мәліметтерді вакцинация модулі медициналық ақпараттық жүйесіне енгізуге арналған компьютермен, интернетпен толық жасақталған.
Сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтармен қамтамасыз етілген
