Құрметті достар! Құрметті әріптестер!
Сіздерді жаздың жарқын мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балалар – біздің үмітіміздің жүзеге асуы. Біз болашағымызды солардың қолына тапсырамыз. Оларды ілтипатпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қоршап, жас ұрпақтың бақытты, ақылды, өнерлі болуы үшін бәрін жасау – үлкендердің міндеті.
Осы мерекеде денсаулық пен отбасылық амандық тілегімізді қабыл алыңыз. Балаларымыздың жүзінен күлкі кетпесін, көздері қуаныш пен шаттыққа бөленсін!
Құрметпен, бас дәрігер А.Б. Мырамытова