Skip to content

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары, құрметті әріптестер! Көктем мен жаңарудың тамаша…

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары, құрметті әріптестер!

Көктем мен жаңарудың тамаша мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷
«Наурыз мейрамының» тарихының тамыры тереңде және көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігінің, ынтымағы мен достығының, жасампаздығы мен келісімінің символы болған. Бұл күні адамдар бір-бірінің реніштерін кешіріп, бақыт пен береке тілейді. Наурыз халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің ұлылығын көрсетеді.
Осы күні сіздерге және жақындарыңызға шын жүректен бейбітшілік, бақыт, амандық, береке мен тұрақтылық тілеймін!! Үйлеріңізде сенім мен өзара түсіністік орнасын, келе жатқан көктем өзінің жылуымен қуантып, Наурыз мейрамы әрқайсыңызға жақсылыққа үміт пен жоспарларыңыздың сәтті жүзеге асуына сенім сыйласын!
Ізгі тілекпен ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері А.Б.Мырамытова.⚘

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *