🔵 Қуық асты безі қатерлі ісігі туралы хабардарлық апталығы
📅 9–14 маусым
🎗 Қуық асты безі обырына қарсы күрес жөніндегі дүниежүзілік күнге орай ұйымдастырылған
Қуық асты безінің қатерлі ісігі — 50 жастан асқан ер адамдар арасында ең жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Аурудың бастапқы кезеңінде белгілері байқалмауы мүмкін, сондықтан уақытылы тексеріліп тұру өте маңызды.
🚨 Мүмкін белгілері:
– зәр шығарудың жиілеуі немесе қиындауы;
– зәр ағымының әлсіз немесе үзіліп шығуы;
– зәрде қанның болуы;
– жамбас немесе бел аймағындағы ауырсыну;
– эректильді дисфункция.
Маңызды: бұл белгілер әрдайым қатерлі ісікке тән болмауы мүмкін, бірақ міндетті түрде дәрігердің кеңесін қажет етеді.
⚠️ Қауіп факторлары:
– 50 жастан асқан жас;
– тұқым қуалаушылық (әкесінде, ағасында қуық асты безі ісігінің болуы);
– артық салмақ пен төмен физикалық белсенділік;
– теңгерімсіз тамақтану (майлы, әсіресе жануар текті тағамдардың артық мөлшері);
қуық асты безінің созылмалы қабыну аурулары.
🛡 Алдын алу шаралары:
– урологқа тұрақты түрде қаралу (әсіресе 45 жастан кейін);
– ПСА (простаталық спецификалық антиген) қан анализін тапсыру;
– дене белсенділігі мен салмақты бақылау;
– көкөністерге, жасұныққа және омега-3 майлы қышқылдарына бай тағамдармен тамақтану;
– темекі шегуден және алкогольді шамадан тыс пайдаланудан бас тарту.
🩺 Ауруды ерте анықтау — өмірді сақтайды. Денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз!
Дәрігерге қаралыңыз, тексеруден өтіңіз, жақындарыңызға айтып бөлісіңіз.
#ХабардарлықАпталығы #ҚуықАстыБезіІсігі #ЕрлерДенсаулығы #ІсіктіңАлдынАлу