«Қызыл қыркүйек – 2023»
1 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік ми сүйегі доноры күніне (16 қыркүйек), Бүкіләлемдік созылмалы миелоидты лейкозбен күрес күніне (22 қыркүйек), Дүниежүзілік лейкозбен күрес күніне (24 қыркүйек)арналған «Қызыл қыркүйек» акциясы аясында ақпараттық науқан өткізілуде . Ақпараттық науқанның мақсаты – лейкозбен (қан түзу жүйесінің қатерлі ауруы) ауыратын науқастардың мәселелеріне назар аудару. Елімізде жыл сайын 1000-ға жуық адам қан мен қан жасау мүшелерінің қатерлі ісіктерімен ауырса, оның үштен бірі лейкозбен ауырады. Қазақстанда диспансерлік есепте гематологтарда онкогематологиялық патологиясы бар 10 820 науқас бар. ❗ Халықтың қан аурулары туралы хабардарлығын арттыру акциясы аясында сіз біздің емхананың айналасында кеңес ала аласыз. ☎️Қабылдауға жазылу үшін бірыңғай Call-орталық телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: +7 778 003 71 43, +(7232) 489157, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі демалыс күндері.
🏥 Мекен-жайымыз: Әуезов даңғылы, 18
