👋 МӘМС АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДЫ ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
Егер сізге медициналық көрсеткіштер бойынша бейінді маманның кеңесі мен тексеруі керек болса, ⚡егер сіздің емханаңыз бұл қызмет түрлеріне 10 жұмыс күні ішінде жолдама бере алмаса, ⚡ сізді бірлесіп орындаушы шарты бойынша бақа медициналық ұйымға жіберуге міндетті.
☝🏽 Таңдаулы қызметтер түрі бойынша медициналық ұйымды еркін таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
⁉️ ОЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
👉 fms.kz сайтында «Медициналық қызметтерді сатып алу – КДҚ жеткізушілер» бөлімінен керек қызметті таңдап аласыз.
💁♂️ жеткізушілер тізімінен керек медициналық ұйымды таңдап, жақын уақытта жазылуға орын бар-жоғын біле аласыз.
🙌 учаскелік дәрігерден сол жерге жолдама беруді сұрайсыз.
👌 Егер емханаңызда сіз таңдаған медициналық ұйыммен бірлесіп орындаушы шарты болмаса, жолдама берілген кезде автоматты түрде шарт жасалатын болады.
❗ Өз таңдауыңызды МӘМС-тің пайдасына жасаңыз!