Skip to content

ОНКОЛОГИЯНЫ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН 3 НЕГІЗГІ СКРИНИНГ ✅ Сүт безі обырын…

ОНКОЛОГИЯНЫ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН 3 НЕГІЗГІ СКРИНИНГ

✅ Сүт безі обырын ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер 2 жылда 1 рет өтеді

⚡ Сүт бездерін УДЗ
⚡ Мақсатты маммография (1 проекция)
⚡ Маммография (4 сурет)

☝🏽 Қосымша тексеру:

⚡ Стереотактикалық бақылаудағы пункция/аспирациялық биопсия
⚡ Трепанобиопсия
⚡ Күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу

☝🏽Нәтижелері бойынша кеңес береді:

⚡ Акушер-гинеколог
⚡ Рентгенолог (2 рентгенограмманы тазалау)
⚡ Онколог немесе онколог-хирург
⚡ Маммолог

✅ Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден 30 мен 70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтеді

⚡ Бейнекольпоскопия немесе кольпоскопия
⚡ Жатыр мойнының биопсиясы
⚡ Күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу
⚡ Жатыр мойнының жағындысын цитологиялық зерттеу ПАП-тест, оның ішінде сұйық цитология аппаратында

☝🏽Нәтижелері бойынша кеңес береді:

⚡ Акушер-гинеколог
⚡ Онколог/ онколог-хирург/онколог-гинеколог

✅ Колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет өтеді

⚡ Жедел әдіспен нәжістегі жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест)
⚡ Скринингтік жаппай бейне колоноскопия
⚡ Эндоскопиялық шымшу биопсиясы
⚡ Күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу

☝🏽Нәтижелері бойынша кеңес береді:

⚡ Онколог
⚡ Хирург
⚡ Гастроэнтеролог
⚡ Проктолог

* Все обследования и консультации проводятся за счет средств ОСМС ☝🏽

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *