Skip to content

Өткен жұмада «Семей медицина университеті» КЕАҚ-да өткен бос жұмыс орындары…

Өткен жұмада «Семей медицина университеті» КЕАҚ-да өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде сегіз түлек Өскемен қаласындағы № 1 емханаға жұмысқа орналасуға ниет білдірді.
Емханамыздың бас дәрігері Айман Мырамытованың айтуынша, бұл екі офтальмолог, бір лор дәрігері және бес жалпы тәжірибелік дәрігер. «Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан емдеу мекемелерінің барлық бас дәрігерлері келді. Бұл іс-шара жұмыс берушілер мен түлектердің соңғы жылдардағы ең ірі кездесуіне айналды. Жас мамандар үшін бұл оқу бітіргенге дейін өздеріне жұмыс жоспарлаудың тамаша мүмкіндігі. Кейбір болашақ түлектер мекемемізбен толығырақ танысуға келісіп, бізге экскурсияға келді», – деді Айман Болатовна.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *