РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖИЫНЫ
Астанада Республика күніне арналған «Мәңгі жаса, қыран елім – Қазақстан» атты салтанатты шара өтіп, үздік дәрігерлерге, денсаулық сақтау саласының өкілдері мен сала басшыларына құрмет көрсетілді.
Шығыс Қазақстан делегациясының арасында ШҚО ДСБ “Өскемен қаласының №1” ШЖҚ КММ бас дәрігері Айман Мырамытова болды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстаннан келген делегация құрамындағы шараға ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жигитаев, Шығыс Қазақстан облысы бойынша көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сағидуллина, денсаулық сақтау саласының ардагері, «Вита1» ЖШС директоры Рая Рахимова және Глубоковский аудандық ауруханасының бас дәрігері Мирхат Увазыров қатысты.
Шараның ашылуында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова медицина қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, Елбасы атынан мемлекеттік төс белгілерді табыс етті. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова күн сайын адам өмірін сақтап, ел болашағын ойлайтын медицина қызметкерлерінің еңбегі қашанда биік болатынын атап өтті.
«Сапардан, іс-шарадан алған әсеріммен бөліскім келеді: бұл өте ауқымды болды десем, бұл аздвқ етеді! Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына және барша ақ халатты абзал әріптестеріме үлкен алғыс айтқым келеді. Медициналық атағымызды әлі де абыроймен атқарғанымызды қалаймын!» – жылы пікірлерге №1 емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова қосылды.