ШҚО-да жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту науқаны жүріп жатыр
Облыс тұрғындарының назарына! Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту науқаны жүріп жатқаны жайлы еске саламыз.
Науқан «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасы шеңберінде өткізіледі.
Өңірде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін 25 медициналық ұйым қызмет етеді.
«Адам таңдап алған емхананы өзінің тұрғылықты мекен-жайына барынша жақын екендігі басым қағида екендігін ескерсек дейміз. Тіркелу жолдары келесідей жүзеге асады. ЭЦҚ болған жағдайда www.e.gov.kz электрондық үкімет порталында онлайн тіркелуге болады. «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Ары қарай электрондық өтініштің барлық жолдарын толтыру қажет. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап оң болған жағдайда медициналық ұйымға тіркелгеніңіз туралы хабарлама келеді», — деп еске салды ШҚО Денсаулық сақтау басқармасында.
ШҚО ДСБ “Өскемен қ. 1 емханасы” ШЖҚ КММ да жыл сайын уақытша немесе тұрғылықты мекен жайы бойынша тұрғындарды тіркеу науқаны жүреді. Жалпы дәрігерлер, балалар дәрігерлері мен басқа да мамандар балалармен қатар үлкендерге де қызмет көрсетуге дайын.
Емханаға тіркелу бойынша барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласа аласыз:
☎️ Тіркеу бөлімі:
+ 7 (7232) 489-157
+ 7 778 003 71 43
☎️ Пациенттерді қолдау қызметі:
+ 7 (7232) 251 749
🏥Біздің мекен-жайымыз: Ауэзов даңғ. 18; Протозанова көш. 1; Потанина көш. 4;