Skip to content

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК сыбайлас…

ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті.
ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК ұжымы медициналық қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде аудандық және педиатриялық қызмет, консультативтік-диагностикалық бөлім қызметкерлерінің қатысуымен кезекті жұмыс кеңесі өтіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдын алу мәселелері талқыланды.
Бас дәрігердің орынбасары Мирхат Гульмира Толебаевна қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қызметтік міндеттерін адал атқарудың маңыздылығына тоқталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау мәселесі медициналық ұйым басшылығының тұрақты бақылауында.
Жиын барысында емхананың комплаенс қызметкері Арай Омарова медициналық мекеме ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан шараларға кеңінен тоқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *