ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ МКК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының талаптарына сәйкес әзірленді. Қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған, оның ішінде медициналық қызмет көрсетуді, қызметті ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруды қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты табысты іске асыру үшін, Өскемен қ. № 1 емханасында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық проблемасы, оның салдары және алдын алу тәсілдері туралы мәліметтерді қызметкерлерге хабарлау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осылайша, 2024 жылдың 17 маусымында емхана қызметкерлері үшін оқыту семинары ұйымдастырылды. Мұнда емхананың Комплаенс офицері Омарова Арай қатысушыларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі мақсатты индикаторларымен – медициналық қызметтердің сапасымен; пациенттер мен қоғамның емхана қызметкерлеріне деген сенімі; емхана қызметкерлерінің құқықтық мәдениет деңгейімен таныстырды. «Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құру арқылы емхананың қоғамдағы беделін арттыру қажет. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитеті, оны көпшілік алдында айыптауы болмаса, емхананың басым мақсаты – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында сапалы медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мүмкін емес», – деп атап өтті Омарова Арай.
Емхананың әрбір қызметкері жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның ісі екенін түсінуі және есте сақтауы тиіс.
Сыбайлас жемқорлықты сезіну және қабылдамау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізі.
