Skip to content

Сіз оқуға үміткерсізбе? ЖОО немесе колледжге оқуға барасызба? Жұмысқа орналасып…

Сіз оқуға үміткерсізбе? ЖОО немесе колледжге оқуға барасызба? Жұмысқа орналасып жатырсызба? Көлік құралын басқаруға рұқсат қажет пе? Немесе қару алу, сақтау және ұстауға рұқсат алу үшін медициналық тексеру қажет пе?
Енді сіз біздің Поликлиникада анықтама ала аласыз.
Медициналық анықтама – денсаулық жағдайы туралы дәрігердің кәсіби – клиникалық қорытындысы болып табылады. 075/У анықтамасы оқу орындарының барлық түріне: жоғары және орта арнаулы оқу орындарына, техникалық училищелерге, кәсіптік, техникалық оқу орындарына түсушілерге, сондай-ақ жұмысқа орналасу үшін – қызметтің кез келген түріне кәсіби жарамдылығын растау үшін қажет. Біздің Поликлиника медициналық тексеру өткізіп, бекітілген үлгі бойынша медициналық анықтамаларды беруге маманданған. Бекітілген үлгі бойынша медициналық анықтамаларды алу үшін сізге № 309 кабинетке келіп, медициналық тексеруден өту қажет. Терапевт мамандандырылған мамандардың тексеруіне және зертханалық-диагностиканың нәтижесіне сүйене отырып, медициналық анықтама береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *