Skip to content

ТҰРҒЫНДАРҒА СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАДНАМА Қауіпті факторлар – Су…

ТҰРҒЫНДАРҒА СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАДНАМА

Қауіпті факторлар

– Су деңгейінің тез көтерілуі және маңындағы елді мекендерге жайылуы, қатты жауған жауын (қардың), қардың жылдам еруінен, сонымен қатар плотиналардың жарып өту салдары тұрғындар үшін үлкен қауіп тудырады.
-Су тасқынының салдары орталықтанған және орталықтандырылмаған су көздері ауыз суының ластануы, халық арасында сумен таралатын инфекциялардың туындауы болып табылады. Тұрғындардың әрекеті
Су басу алдында (үйлерді су басу қаупі):
– Ауланы уақытында қардан тазалау керек, жиналған қоқыстан аумақты тазалауды ескертеміз,
– Ауладағы қоқыстарды қора- қопсы және қоғамдық әжетханаларды сыпырып тазалауға, сонымен қатар дезинфекциялық заттармен зарарсыздандыру қажет;
– Шаруашылық құрылыстарды, жертөлелерді сумен басудан сақтау керек, судың ағып кету жолдарын қазып, арықтардың қоқыспен ластануынан тазалау керек;
– Құдықтарды қақпақтармен жабдықтау, шегендерді түзетілген қалыпта ұстау керек;
– Аумақ пен құрылыстардың жатын аумағын таза ұстауды міндетті түрде қамтамасыз ету керек;

Су басу басталуы туралы жарияланған кезде:

– Құдықтар мен су құбырлары жұмыс істемеген жағдайда, ауыз судың қорын дайындап алу керек;
– Қолдың жеке гигиенасын сақтап, қайнатылған, не болмаса бөтелкедегі суды пайдалану керек.
Су басқаннан кейін:
* Тасқын суларда қалған азық түлікті пайдалануға болмайды;
* – Ауыз су мақсатында сапасы белгісіз, белгісіз құдықтардан сапасы күмән тудыратын суды ішуге болмайды.
* – Ауыз су құдықтарын лас суды шығару арқылы тазалау керек.

Төтенше жағдайлар болған кезде қарапайым гигиеналық ережелерді сақтап және де берілген кеңестерді ұстансаңыз, Сіз өзіңізді көптеген аурулардан қорғай аласыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *