Акция аясында, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 1-емхананың медицина қызметкерлері ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне күн сайын келіп, көңіл бөлуді жалғастыруда.
Сапарлар барысында медициналық тексерулер жүргізіледі, қажет болған жағдайда қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулер, сондай-ақ тар бейінді дәрігерлердің консультациялары тағайындалады.
Бүгін біз Сіздердің назарларыңызға жалпы практика дәрігерлері Гүлім Нұрланқызы мен Даяна Жанарбекқызының еңбек сіңірген тыл еңбеккерлері – Надежда Андреевна Мартынчик пен Валентина Павловна Бабушкинаға сапары туралы қысқаша бейнеролик ұсынамыз.
Надежда Андреевна Мартынчик пен Валентина Павловна Бабушкина медицина қызметкерлерін қуана қарсы алады. Олар соғыс уақытындағы естеліктерімен бөліседі, тылдағы еңбеквигіктері туралы әңгімелейді және назар мен қамқорлық үшін шынайы ризашылықтарын білдіреді.
Алдағы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз! Сізге зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!